Биыл «Қайратты» бірнеше ай жаттықтырып, түсініксіз жағдайлармен орнынан кеткен Александр Кержаков «Чемпионатқа» көлемді сұқбат берді.
Материалдың ішінде ресейлік маман алматылық клубпен байланысты жағдай туралы сауалға да жауап берген еді.
«Бапкерлер «отбасылық жағдайға байланысты», «екі жақты келісіммен» дегенді жиі айтады. Мұндайда бірдеңе жасырып тұрғандай көрінетін. «Аш құлақтан, тыныш құлақ» дейтін адамдар бар, олар қазір басшылықпен «жылы» қоштассам, кейін барған жерімде артымнан өсек ермейді» деп естептейді. Көп бапкерлердің басында жұмыстан кетуіне не тіпті қуылуына себепкер еткен жанжал болады, алайда жабулы қазан, жабулы күйінде қала береді. Ал менің жасыратын ештеңем жоқ және «Қайраттан» отбасылық жағдайларға байланысты кеттім дегенім ақымақтық болар еді. Меніңше, командада көз жұмып қарауға болмайтын дүниелер орын алды. Менде басқа амал қалмаған. Мүмкін, жұмыс үшін мұндайға төзетін бапкерлер бар шығар, бірақ мен емес. Мен үшін адамгершілік жұмыста да, өмірде де басты орында. Өзіңді сыйлайсың не іштей тынып, соған төзесің.
Осы жағдадан кейін мен туралы неше түрлі әңгімелер айтылды. Ал мен БАҚ-та «клубтағы дерек көздерінен» тараған ақпараттарды шынайы деп қабылдай бермейтін адаммын. Шындығың бар екен, онда оны несіне өз атыңнан жариялауға ұяласың? Несіне жасырынады? Егер атын жасырса, демек бірдеңе дұрыс емес.
Талай сөз айтылды. Қазір есімде, «команда ішінде топтар құрды», «телефонмен ғана хабарласып, жаттығуға келмеймін», «командаға ие бола алмадым». Мұның бәрі ақымақтық - ең бастысы нәтиже болды. Команда екі жыл ішінде бірде-бір күн бірінші орында тұрмаған, ал біз келдік те екі айдан кейін бірінші орынға шықтық», - деді А. Кержаков.
Айта кетейік, чемпиондық маусымда алматылық клубты үш бапкер тізгіндеген - Кирилл Кекер, Александр Кержаков және Рафаэль Уразбахтин. Қыркүйекте өз орнын босатқан А. Кержаков әлі жұмыссыз жүр.
Біздің серіктес: FONBET