Жарнама
Жарнама

Александр Кержаков “Шахтердің” экс-ойыншысы ойнайтын команданы жаттықтыруы мүмкін

Тәжікстандық “Равшан” Куляб алматылық "Қайраттан" өз еркімен кеткен Александр Кержаковты бапкер етіп тағайындағысы келеді. 

Жарнама
Жарнама

Куляб ұжымы қазірде бас бапкерге мұқтаж. Азия құрлығының Чемпиондар Лигасының алдында “Равшан” жаттықтырушысын сайлап алуды жоспарлап отыр. Басты үміткер ретінде Александр Кержаков қарастырылуда.  Ресей маман Қазақстанға келместен бұрын тәжікстандық “Истиқлолдың” ұсынысын қарастырып көрген. Сол үшінде “Равшан” командасы тәуекелге бел буып, тәжірибелі бапкерді өзіне қарай шақырудың жайын қарастырады. 

Кержаков “Қайрат” тізгінінде небәрі екі ойын өткізді. Алғашқы ойынында сары-қаралар “Тобылмен” тең түссе (2:2), екіншісінде еурододада топ жарған “Астанадан” ұтылды (0:1).

Айта кетейік Куляб қаласының намысын қорғайтын команда сапында “Шахтердің” бұрынғы ойыншысы Давид Мавутор доп тебеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: