Александр Кислицын Қарағандының "Шахтер" командасының ойыншысы атанды. Өткен жылы 33 жастағы қорғаушы Көкшетаудың "Оқжетпесінде" 30 ойын өткізіп, бір гол салған және 3 нәтижелі пас берген.
Естеріңізге сала кетейік, Александр 2006 жылы дәл осы "Шахтер" сапында үлкен футболға қадам басқан еді. Жалпы кеншілер құрамында 101 мачтқа қатысып, 2 гол салыпты. Сонымен қоса, "Тобыл", "Қайрат", "Ертіс" жейдесінде ойнаған.
Қазақстан құрамасы сапында 25 кездесу өткізген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET