Жарнама
Жарнама

Александр Ляказетт «Лион» ойыншысы атанды

09.06.2022, 18:03
Ляказетт өзі түлеп ұшқан клубқа қайта оралды.
Жарнама
Жарнама

«Арсеналдың» шабуылшысы Александр Ляказетт мансабын «Лионда» жалғастырады. 31 жастағы франциялық шабуылшы жаңа командасымен үш жылдық келісім-шарт жасасты.

Айта кетейік, Ляказетт «Арсеналмен» келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Лионға» еркін агент ретінде қосылды.

«Лион» өзінің шәкірті Александр Ляказетттің клубқа оралғанын мақтанышпен хабардар етеді. 31 жастағы ойыншы соңғы апталарда көптеген ірі еуропалық клубтардың ұсыныстарына қарамастан, өзі түлеп ұшқан «Лионға» оралу туралы шешім қабылдады.

Александр Ляказеттті командаға қатарына қосу біз үшін басты мақсат болды және оның қайта оралуы менеджменттің қазір жүзеге асырып жатқан жаңа стратегиясына толығымен сәйкес келеді», - делінген «Лионның» ресми сайтында.

Ляказетт «Арсеналға» 2017 жылы дәл осы «Лионнан» ауысып барған еді. Содан бері англиялық клуб үшін 206 матчта 71 гол соғып, 36 нәтижелі пас берді. 2013-2017 жылдар аралығында Александр Франция құрамасына шақыртылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров