"Астана" клубының орталық қорғаушысы Александр Марочкин Қызылорданың "Қайсарының" қысқаша тізіміне енгені белгілі болды.
Столичные – Канал про Фк Астану телеграм арнасының мәліметінше жақында жеке меншік басқаруға өткен Қызылордалық клуб құрамы мен қаржылық саясатын жаңартуға кіріскен.
Қазіргі келісімшарты бойынша Марочкин 2025 жылдың желтоқсанына дейін “Астана” ойыншысы.
Дегенмен, жаңа маусым алдында "Қайсар” бапкерлер штабы қорғаушыны өз сапына қосу мүмкіндігін қарастыруда.
Александр Марочкин елордалық команда сапында барлығы 71 матч өткізіп, 3 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET