Жарнама
Жарнама

Александр Марочкин мансабын басқа клубта жалғастырады

04.11.2021, 15:17
31 жастағы қорғаушының қостанайлық клубпен келісім-шарты желтоқсан айында аяқталады.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тобылдың" және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марoчкин "Ақтөбеге" ауысуға жақын.

Қорғаушыға "Ақтөбенің" бас бапкері қызығушылық танытуда. Бұған дейін Марочкин "Оқжетпес" сапында Владимир Мұхановпен бірге жұмыс істеген.

Айта кетейік, 31 жастағы қорғаушының қостанайлық клубпен келісім-шарты желтоқсан айында аяқталады. Марочкин осы маусымда "Тобыл" үшін 35 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Ал Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 4 матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров