«Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-турының алдында кадрлық мәселе бойынша сөз қозғады.
«Интермен» матч алдындағы жағдай бойынша қақпашыларымыз бен барлық ойыншыларымыз сау. Тек Александр Мартынович ғана ішкі чемпионаттың соңғы ойынынан кейін аздап жарақат алып қалды», — деді Уразбахтин.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін бір ұпай жинап, турнир кестесінде 34-орында тұр.
Кездесу сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні Астана уақытымен 01:00-де «Сан-Сиро» стадионында басталады.
Біздің серіктес: FONBET