Алматылық команда 38 жастағы тәжірибелі ойыншысын тағы бір жылға алып қалды.
Жаңа келісім бойынша Беларусь құрамасының капитаны “Қайратта” 2026 жылдың соңына дейін өнер көрсете алады. Керек болса, келісім шарт мерзімі тағы бір маусымға дейін ұзартылады.
Мартынович сары-қаралар сапында 2024 жылдан бері доп теуіп келеді. Орталық қорғаушы қазақстандық клубта жалпы алғанда 48 матч өткізіп, 5 гол мен 2 голдық пас берді.
Алдағы уақытта “Қайрат” Александрдың қорғаныстағы сенімді серігі саналатын Егор Сорокиннің де келісім шартын ұзартады деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET