Жарнама
Жарнама

Александр Меркель екі айдан бері ойын тәжірибесіз жүр

Футболшы соңғы рет Иран чемпионатында төбе көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Бүгінде 33 жастағы жартылай қорғаушыға бірде-бір клуб ұсыныс жасамаған. Соның кесірінен ойыншы екі айдан бері еркін агент статусында келеді.

Меркель соңғы рет Ирандық “Насаджи” ұжымында 21 матч өткізіп, келісім шартының аяқталуына байланысты клубтан кетуге мәжбүр болды. 

Александр шетел чемпионаттарында ең көп ойын өткізген қазақ футболшысы саналады. Ол өз мансабында германиялық “Штуттгарт”, “Бохум”, итальяндық “Милан”, “Дженоа”, “Удинезе”, “Пиза”, англиялық “Уотфорд”, швейцариялық “Грассхопер”, аустриялық “Адмира”, нидерландтық “Хераклес”, саудиялық “Ал-Фейсал”, түркиялық “Газиантеп”, арабиялық “Хатта” ұжымдарының намысын қорғады. 

2023 жылы Меркельдің “Ақтөбеге” ауысуы мүмкін еді. Алайда Александр мықты чемпионатқа ауысу мақсатында ақ-қызылдардың ұсынысын жауапсыз қалдырды.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: