Жарнама
Жарнама

Александр Меркель: “Мен өзімді жұлдыз санамаймын, басты мақсатым — “Жеңіске” көмектесу”

Бүгін, 08:53

Елордалық "Жеңістің" жаңа ойыншысы Александр Меркель Қазақстан чемпионатына ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Instagram: alexandr.merkel “I am back home”
Жарнама
Жарнама

Тәжірибелі жартылай қорғаушы өзінің бұл қадамын жай ғана жарнама емес, бала күнгі арманының орындалуы деп есептейді.

"Шынымды айтсам, мен өзімді ерекше жұлдыз сезінбеймін. Мен — қарапайым жігітпін, қарапайым футболшымын. Ұжымға да тез сіңісіп кеттім. Менің басты мақсатым — "Жеңіске” пайда әкелу және мансабымның соңғы жылдарын Қазақстанда өткізу. Мен осы елде тусам да, мұнда ешқашан ойнап көрмегенмін. Сондықтан бұл мен үшін орындалған арманмен тең.” — дейді Александр.

Меркель Қазақстанда соңғы рет 2018 жылы болғанын айта келе, чемпионаттың ерекшеліктеріне дайын екенін аңғартты.

Ол, "Жеңіс” сапындағы ішкі ахуалға өте дән риза. Оның айтуынша, командадағы жігіттердің бәрі ашық-жарқын әрі кәсіби мамандар.

Александр ұлттық құрамада бірге өнер көрсеткен Исламбек Қуатты бұрыннан танитынын және онымен қарым-қатынасы өте жақсы екенін атап өтті.

Өзге де ойыншылармен тіл табысу қиынға соқпаған. Ол бүкіл ұжымның қарапайымдылығы мен шеберлігін жоғары бағалады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров