Жарнама
Жарнама

Александр Меркель Ресей клубына ауыспақ

11.08.2020, 14:53
Акмаль Бахтияровпен бірге ойнайтын болады.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін. ⠀

Championat.com сайтының мәліметіне сәйкес, 28 жастағы ойыншы "Сочиге" ауысуға жақын. Меркель осы жазда еркін агент болды. ⠀

Бұған дейін «Локомотив» пен басқа да РПЛ клубтары жартылай қорғаушымен келісімшарт жасасуға мүдделі екендігі хабарланған болатын. ⠀

"Сочиде" ойнап жүрген отандасымыз Акмаль Бахтияров ресейлік клубпен келісімшартын ұзартты. ⠀

Меркельдің соңғы клубы 2018 жылдан бері ойнаған "Хераклес" болды. Өткен маусымда ол 25 матч өткізіп, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. ⠀

Меркель сонымен қатар 2009-2011 жылдары «Миланда» ойнаған, содан кейін оны «Дженоаға» 6,5 миллион еуроға сатты. Голландиялық клубқа келгенге дейін ол Австриялық «Адмира», Германиялық «Бохум», Италиялық «Удинезе» мен «Пиза», Швейцариялық «Грассхопперс» және Англияның «Уотфорд» командаларында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров