Жарнама
Жарнама

Александр Мокин «Тобыл» сапын толықтырды

22.02.2020, 21:07
Жарнама
Жарнама

Александр Мокин Қостанайдың "Тобылымен" бір жылдық келісім-шартқа қол қойды. 38 жастағы қақпашы бұған дейін 4 жыл "Астана" сапында чемпион атанған еді.

Мокин карьерасын Шымкенттің "Жігер" командасында бастаған. Содан кейін "Достық", "Жеңіс" сапында өнер көрсеткен. Жеңіс жейдесінде ел чемпионы атанып, екі рет Қазақстан Кубогын иемденеді. 2009-2011 жылдары "Ордабасыда" доп тепті. Осыдан соң "Шахтер" қатарында тағы екі рет Қазақстан чемпионатында топ жарып, Кубок пен Суперкубок иегері атанды.

Александр 2012 жылы Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров