Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Барша жанкүйерлерден кешірім сұраймын» 

13.08.2021, 14:27
Бас бапкер бұл жеңілістің себебін түсіне алмауда.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко «Жилинамен» болған ойыннан соң сұхбат берді: 

— Мұндай ойыннан кейін пікір айтудың өзі қиын. Біз барлық жағынан ұтылып қалдық. Таблодағы есеп мұның айқын дәлелі. Қолымыздан еш нәрсе келмеді. Осы үшін барлық жанкүйерімізден, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Неге бұлай ойнағанымызды білмеймін. Мұндайда барлық кінә маған артылады. Жаттығу кезінде қателік жіберген шығармын. Әр ситуацияға ықтият қарамадық. Бұл шабуыл шебіне де, қорғанысқа да қатысты. «Жилина» 7-8 ойын бойы ұпай жоғалтпай келеді. Чемпионаттағы қарқыны жақсы. Ересек жігіттерден де артық ойнайтын жастар жиылған. Сіздерге тек сәттілік тілеймін. Конференция лигасындағы жорықтарыңыз жалғаса берсін. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров