Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»

18.10.2021, 15:08
«Тобыл» чемпиондық үшін таласта «Астанадан» бір ұпайға артта келе жатыр.
Жарнама
Жарнама

Қостанайдың «Тобылын» баптайтын Александр Москаленко «Қызыл-Жармен» өткен ойын туралы пікірін білдірді (0:2):

- Құрама ойындарынан кейін және чемпионаттағы үзілістен кейін алаңға шығу қиынға соғады. Жігіттер алаңда жанкешті өнер көрсетіп, эмоцияға ерік берді, бұл ойынға кедергі келтіреді, сонымен қатар алаң сапасы да сын көтермейтіні рас. Екі команда жеңілгісі келмеді, әр команда өздерінің турнирлік міндеттерін шешті. Ойын барысында талас-тартыс жоғары дәрежеде болды, ешкім берілгісі келмеді. Біз өз сәттерімізді пайдаландық, тыңнан шыққан жігіттер ойынға өте жақсы кірді.

Біз ойынның әр компонентін дамыта беруіміз керек. Команданы және жанкүйерлер секторын жеңіспен құттықтаймын. Біз бүгінгі нәтижені ұмытып, әалға жылжуымыз керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров