Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Екі команда да маусымның алғашқы кубогін ұтып алғысы келеді»

02.03.2022, 02:36
«Тобыл» бапкері Марин Томасов пен Арда Тұранның трансфері жайлы да пікір білдірді.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко Қазақстан Суперкубогі үшін «Қайратпен» болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

- Команда ертеңгі ойынға қаншалықты дайын? Жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Команда матчтың маңыздылығын түсінеді деп үміттенемін. Олар алаңға шығып, өз өнерін көрсету үшін барын салады. Иә, бізде жарақат алған ойыншыларға қатысты мәселелер бар, бірақ футболшы ұзақ уақыт бойы қатардан шығып қалды деп айта алмаймын

- Осы ойыншыларды атай аласыз ба?

- Барлығы ертеңгі матчқа дайындалуда, бірақ 100% дайын емес.

– Командаға Непогодов, Васильев, Томашевич және Жақсылықов қосылды. Оларды таңдауыңыздың себебі неде?

– Айбар – болашағынан зор үміт күттіретін шабуылшылардың бірі, Қазақстан құрамасының ойыншысы, оның бойында белгілі бір қасиеттер бар, сондықтан таңдау соған түсті. Васильевтің командаға келуіне Руслан Валиуллиннің дисквалификациясы әсер етті. Недегенмен Владислав ұлттық құрамадағы ойыншы болып табылады. Томашевичті барлығы жақсы біледі, ол да өз ұлттық құрамасының ойыншысы, қорғаныстағы бәсекелестікті арттыруға көп көмегін тигізеді.

- Командадағы негізгі қақпашы кім болады?

- Бізде үш бірдей қақпашы бар. Әркім жаттығуда көрсеткен ойынына қарай мүмкіндік алады.

- Қыста «Тобылға» Томасовтың ауысуы мүмкін деген әңгіме көп болды.

- Сыбыс болса, келіссөздер де болды деген сөз. Себебі жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

- Клубтың жасаған трансферлеріне көңіліңіз тола ма?

- Гвардиоланың өзі трансферлерге риза болмай жүргенде, қазақ футболы туралы не айтуға болады. Әрине, біз команданы күшейткіміз келеді. Біздің клубта да қаржылық шектеулер қойылған. Сондықтан сапасы да, қаржылық сұранысы да бізге сай келетін ойыншыларды іздестірудеміз.

- Клуб Арда Тұранға шынымен қызығушылық танытты ма?

- Мен бұл туралы ештеңе естіген жоқпын.

- Оқу-жаттығу жиынындағы сүреңсіз ойынға байланысты айтылған қостанайлық жанкүйерлердің сынына қалай қарайсыз?

- Олардың да айтқаны дұрыс шығар. Біз оқу-жаттығу жиынында нашар ойнадық. Бұл жерде біраз шындық бар. Барлық нәтижеге мен жауаптымын. Жанкүйерлер ойыншылардың жағдайын білмейді. Өткен жылы команда алтын медаль жеңіп алды, ал қазір бәрі команданы жаман көруде. Бұл дұрыс емес.

- Ертең кім жеңеді?

- Мықты клуб жеңеді, мүмкіндік 50/50. Екі команда да маусымның алғашқы кубогін ұтып алғысы келеді. Ертең өте қиын матч болады, әсіресе психологиялық тұрғыдан. Жаттықтырушылар да, ойыншылар да қатты уайымдайды. Бізді ұрысқан жанкүйерлер де нәтижеге алаңдайды. Әлемдегі кез-келген клуб трофейден бас тартпайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров