Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Футболшылардың жеңіске деген жігері күшті болды»

20.06.2021, 17:42
Қостанайлық клуб қос голды да он бір метрлік айып добынан соқты.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық клубта бас бапкердің міндетін атқарушы Александр Москаленко «Жетісумен» (2:1) өткен ойыннан соң сұхбат берді:

- Ойынның басы біз үшін қиынға соқты, алаңға бейімделіп алуға біраз уақыт кетті. Алаң сапасына тағатын мін көп, бірақ оны қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сол үшін арнайы маман шақыртылды, клуб басшылығы көгалдар сапасын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, өйткені бізді алда Конференция Лигасының ойындары күтіп тұр.

Болмашы жерден гол жіберіп алдық, алайда команданың тезірек ес жиып, ойынға тез оралғаны қуантты. Бірінші таймның 25-ші минутынан бастап екінші таймның ортасына дейін гол соғатын жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ жігіттерге дәлдік жетіспей жатты. Ойынның соңына таман басымдық қарсыластарда болды, біз қарымта шабуылдарға иек арттық. Футболшылардың жеңіске деген жігері күшті болды. Иә, тактикалық тұрғыда қиындықтар кездесті, допты беру кезіндегі қателіктер бар, бірақ мұның бәрі алаң сапасына байланысты екенін айттым. 

Жанкүйерлер корпусына команданы қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Жарайсыздар! Ойын барысында қандай жағдай болсын, қолдау көрсете білді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров