Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Гол соғатын мүмкіндіктер көп болды, бірақ пайдалана алмадық»

07.03.2022, 17:26
Қостанайлық клуб алғашқы турда минималды жеңіске қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко Премьер-лиганың бірінші турында «Ақжайықпен» (1:0) болған ойынға қатысты пікір білдірді.

- Барлық облыс тұрғындарын чемпионаттың басталуымен және жеңіп алған кубокпен құттықтағым келеді. Бұған олардың да еңбегі сіңді. Келгендеріңізге рахмет! Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында команда шабыттанды. Бұл бізді ынталандырды. Ойын туралы бірдеңе айту қиын. Оралдық команда өте ұйымшыл. Өткен жылы көшбасшылардан ұпай алды. Бұл матчта олар жақсы қорғанды, және бізге шабуылда футбол ойнауға мүмкіндік бермеді. Иә, қауіпті сәттер көп болды, бірақ оларды пайдалану қажет.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров