Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Кезекті рет мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алдық»

20.09.2021, 19:25
«Тобыл» бапкері бар кінәні алаңның сапасына артты.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық клубтың бас бапкері Александр Москаленко «Таразбен» (0:0) өткен кездесуден соң пікірімен бөлісті: 

– Кездесудің алғашқы 15 минутында жиі қателесіп, допты жоғалтып алдық. Қорғаныстан шығудың өзі бір мәселе болды. Кейін қателікті ретке келтіріп, қарсылас қақпасының алдында ойын өрбіте білдік. Кезекті рет мүмкіндіктерді мүлт жіберіп қойдық. Қарсыластардың айып алаңында болған күмәнді сәт екінші таймға айтарлықтай әсер ете білді, бұл сәт төрешінің назарынан тыс қалғаны қынжылтты. 

Екінші тайм басқаша өрбіді, команда гол соғуға асығып, бәрін жылдам бастады. Айып алаңына ұзақ пастар арқылы доп жеткізілді. Өз ойынымыздан ажырап қалуымыздың бір себебі – алаң сапасы. Мұндай алаңда шабуылға шығып ойнау қиын, бұл ретте қорғанысқа иек артып, қарымта шабуылмен ойнайтын команданың бәсі жоғары.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров