Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Мұндай ойында шиеленісті сәттерге жол бермеу үшін көбірек гол соғу керек»

28.09.2021, 16:10
Қостанайлық клуб келесі турда «Ордабасыны» қабылдайды.
Жарнама
Жарнама

«Тобыл» клубының бас бапкері «Атыраумен» өткен ойын туралы пікір білдірді:

- Екі түрлі тайм өткіздік, ойынның бірінші бөлігінде толығымен басымдыққа ие болдық. Мен бір құпия ашқандай болмайын, бірақ мұндай ойында шиеленісті сәттерге жол бермеу үшін көбірек гол соғу керек.

Екінші таймда ойын басымдығын қарсыласқа беріп қойдық, өзіміздің стиілімзден ажырап кеткендей болдық. Бірақ ес жиып, гол соғатын сәттер туындаттық. Алайда, кей сәтте жолымыз болмаса, енді бірде шеберлік жетіспеді.

Команданы жеңісімізбен құттықтаймын. Жеңіске деген жігер мен мінез көрсеткендері үшін ризамын. Бізді қолдаған барлықтарыңызға алғыс. Ары қарай жылжу қажет, бүгінгі ойын тарих болып қала береді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров