Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда Еуропаға барып ойнаған жақсы»

30.07.2021, 16:22
Кеше Орталық стадиондағы жанкүйерлердің қолдауы өте жоғарғы деңгейде болды.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Хайдукқа» (4:1) қарсы өткен матч туралы пікір білдірді:

- Ең алдымен, Қостанай облысының барлық жанкүйерлерін және бүкіл Қазақстанды жеңісімен құттықтағым келеді! Бұл біздің клубтың ғана емес, бүкіл облыстың еңбегі. Жанкүйерлердің стадионда жасаған атмосферасы керемет болды. Олар қиын уақытта команданы қолдап, шабыттандырды. Жанкүйерлерге үлкен рахмет! Қалада және облыста немқұрайлы қараған бірде-бір адам болған жоқ. Барлығы лайықты ойынды көргісі келді және соны армандады.

Мен ұжымға алғысымды білдіргім келеді. Олар өте жақсы еуропалық ойын көрсетті. Жігіттер біз талап еткен барлық нұсқауларды орындады. Біздің бұл жұмысымыз өз жемісін берді және олар мұндай клубтармен ойнауға болатындығын түсінді. Біз бірінші кездесуде нашар әрі сенімсіз түрде ойнадық, бірақ мұнда барлық қателікті түзеттік. Жеңетін команда, жеңілетін бапкер деген сөз бар емес пе? Сондықтан бұл нәтижеге ойыншылардың ерен еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Барлығы бағаны біледі және Еуропада ойнағысы келеді. Келесі жылы барлық футболшымыз командада қалады деп айта алмаймын. Сондықтан барлық жігіттер мүмкіндігінше алысқа шауып, еуропалық футбол ойнағысы келеді. Мен ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда Еуропаға барып ойнаған жақсы. Біздің жанкүйерлерге Еуропаның тағы бір командасын әкеліңіз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров