Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Шабуылда да, қорғаныста да жинақы ойнауымыз керек» 

12.08.2021, 15:48
Москаленко арық сөйлеп, семіз шыққысы келеді.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық клубтың бас бапкері Александр Москаленко баспасөз мәслихатында «Жилинамен» болатын жауапты ойын жайлы пікірімен бөлісті:

— Кеш жарық! Сіздердің елдеріңізге келгенімізге қуаныштымыз. Ертең жауапты ойын. Доп дөңгелек, барлығын жасыл алаң көрсетеді. Тек қана жақсы нәтижеден үміттіміз. Шабуылда да, қорғаныста да жинақы ойнауымыз керек.

Ертеңгі күн бәрін шешеді. Кім мықты, сол келесі кезеңге өтеді. Алдағы ойында командалардың келесі кезеңге өту мүмкіндігін 50 де 50 дер едім.

Команда құрамындағы кейбір жігіттердің денсаулығына қатысты сұрақтар бар. Бірақ медициналық штаб ертең олардың қатарға қосылулары үшін бәрін жасайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров