Жарнама
Жарнама

Александр Москаленко: «Жилина» ойыншылары тактикалық тұрғыдан өте жақсы дайындалған»

05.08.2021, 03:45
«Жилина» клубының орташа жасы 21-ді құрайды екен.
Жарнама
Жарнама

"Тобылдың" бас бапкері Александр Москаленко Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Жилинаға" қарсы өтетін алғашқы ойын жайлы пікірімен бөлісті:

- Сіз матчқа қаншалықты дайынсыз? Жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Барлығы матчқа жақсы дайындалды. Денсаулыққа қатысты мәселелер жоқ. Бәрін ертеңгі ойынның нәтижесі көрсетеді.

- Қарсыластардың орташа жасы - 21 жас. Сіз мұны артықшылық немесе кемшілік деп санайсыз ба?

- "Жилинада" талантты ойыншылар көп. Қателеспесем, команданың 70 пайызы олимпиадалық құраманың ойыншылары. Олар тактикалық тұрғыдан өте жақсы дайындалған. Олардың жас болғаны жақсы физикалық формада екенін және тез сауығып кететінін білдіреді. Бұл тек артықшылық бола алады.

- Сіз жақында ғана "Тобылдың" бас жаттықтырушысы болып тағайындалдыңыз. Бұл шешімнің негізгі себебі "Хайдукті" жеңу болды ма?

- Біріншіден, бұл менің жеңісім емес, бүкіл Қазақстан, бүкіл аймақтың жеңісі. Біздің ортақ жеңісіміз. Ал бас бапкермін ме әлде оның міндетін атқарушымын ба - оны клуб басшылығы шешеді. Екі сөздің (міндетін атқарушы) алынып тасталуы менің жұмысыма және командама ешқандай әсер етпейді.

- Матчтың Орталық стадионда өтпеуі әділетсіздік деп есептейсіз бе?

- Бұл сұрақ басшылыққа қойылу қажет. Олар стадионды сертификаттауы тиіс, қандай параметрлер қай кезеңге сәйкес келетінін білуі керек. Әрине, көрерменсіз ойнау өте қиын. Біз олардың қолдауын "Хайдукпен" болған матч бойы сезіндік. Жанкүйерлер бізді 1-минуттан 120-минутқа дейін қолдады. Біз мұндай атмосфераны сағынатын боламыз. Футбол - көрермендер үшін мереке. Және ешбір клуб бос стадионда ойнағысы келмейді, оның ішінде "Жилина" да бар.

- "Астана-Аренаны" өз үйіміз болады деп айта аласыз ба? Немесе, екі матчты да сырт алаңда өткіземіз деп есептейсіз бе?

- Мен екі кездесу де алыста болады деп айтпай-ақ қояйын, бірақ біздің өз стадионымыз бар. Тағы да қайталап айтамын, бізге жанкүйерлер жетіспейтін болады.

- Неманья Николич командадан неге кетті?

- Николич отбасылық себептерге байланысты командадан кетті. Біз сөйлестік, қол алыстық, екі жаққа кеттік. Жанжал немесе интригалар болған жоқ. Ол үйге баруы керек болды, мен айта алмайтын кейбір мәселелерді шешу үшін. Ол командамен қоштасты, бірақ біз онымен біргеміз - бұл футбол заңы, мұндай жағдайлар болып тұрады. Оның Еуропада жанұясы бар, сонымен қатар коронавирус та әсер етті. Ол отбасымен бірге болуы керек еді. Біз бір-бірімізді жақсы түсіндік.

- Бұған дейінгі жеңілістерді ескерсек, "Астана Арена" матч өткізу үшін қолайсыз жер емес пе?

- Жоқ, бұл жерге барудың қажеті жоқ еді. "Тобылдың" мұнда қалай ойнағаны туралы мүлдем ойламаппын. Біз ертең ойнағымыз келеді, ал бұған дейін болған оқиға тарихқа айналды, оның ішінде "Хайдукқа" қарсы өткен матч та бар. Оны естен шығарып, алға қарай жылжу керек. Тек клуб үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық футбол үшін. Барлығы алға жылжыған сайын бүкіл қазақстандық футболдың беделі жоғарылай түседі. Бұл үшін күн сайын жұмыс істеу керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров