Қазақстандық футболшы команданың қатарынан екінші рет ел чемпионы атануы — кездейсоқ емес, ерен еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Ол маусымның шешуші ойынынан кейін Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында былай деді:
"Барлық эмоцияны алаңда қалдырдым. Ең бастысы — чемпиондық. Бұл сезім ерекше, әсіресе екінші жыл қатарынан осылай жеңіске жету біз үшін үлкен қуаныш." — деді Мрынский.
Футболшы ойынның соңғы минуттарында қиын сәттер көп болғанын мойындады:
"Матчтың соңы қиын өтті. Көбірек қорғануға, әр доп үшін күресуге тура келді. “Астана” соңғы сәттерде өте қауіпті ойнады. Томасовтың соққысы қақпа маңдайшасына тигенде жүрек бір сәт тоқтап қалғандай болды. Біздің жолымыз болды. Бірақ жалпы алғанда, чемпиондыққа біз толық лайық едік.” — деді ол.
Еурокубок ойындарынан кейін ішкі біріншілікке қайта бейімделу туралы сұраққа жауап бергенде, Мрынский бұл мәселеде бәрі команданың ішкі дайындық пен жоспарға байланысты екенін айтты:
"Ойын деңгейі төмендеп кетті дегенмен келіспеймін. Барлығы тактика мен жағдайға байланысты. Бірақ біз үшін ең бастысы — чемпионат еді. Бұл ойын ерекше маңызды болды, себебі чемпиондықты фанаттарға сыйлағымыз келді."
Ал жеңісті қалай атап өтетіні жайлы сұраққа футболшы:
"Қазір нақты білмеймін. Уақыт көрсетеді.” — деп жауап берді ол.
Біздің серіктес: FONBET