Қаптал қорғаушысы Чемпиондар Лигасындағы жылдамдығын 34,55 км/сағ дейін арттырған.
21 жастағы Александр Чемпиондар Лигасы аясында барлығы 22,43 шақырымды жүгіріп өткен. Орташа есеппен алғанда, Мрынский бір матчқа кем дегенде 5,5 шақырымды еңсеріп отырған. Және ең қызығы қорғаушы “Қайрат” кездесулерінің бірінде максималды жылдамдығын көрсетіпті (34,55 км/сағ). Сол арқылы Еурокубок турнирінің желаяқтары тізімінде 22 сатыға орналасты.
Айта кетейік, турнирдегі рекордтық жылдамдықты “Ман Сити” шабуылшысы Эрлинг Холанд көрсеткен. Норвегиялық ойыншы” Реалға” қарсы ойында 36,9 км/сағ нәтижесін тіркеді. Ал желаяқтардың бірі саналатын Килиан Мбаппенің жоғары деген жылдамдығы 36,4 км/сағат-тан аспаған екен.
Біздің серіктес: FONBET