Жарнама
Жарнама

Александр Мрынский: “Жанкүйерлерден кешірім сұраймыз”

Бүгін, 11:53

"Қайрат" қорғаушысы Александр Мрынский "Тобылға" қарсы өткен тартысты ойынды қорытындылап, жеңілістің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, команда кубокты қолдан беріп алғаны үшін жанкүйерлер алдында кінәлі сезінеді.

Мрынский екі ұжымның да деңгейі тең болғанын атап өтті.

"Жалпы, алаңдағы күрес тең дәрежеде өтті. Алғашқы голды өз қателігімізден жіберіп алдық. Бірақ көп ұзамай тізгінді қолға алып, есепті басымдылыққа айналдыра білдік — екі гол соқтық. Екінші кезеңде біраз шаршап қалдық. Соның салдарынан көбіне қорғанысқа көшуге мәжбүр болдық. Өкінішке қарай, матч соңында есепті ұстап тұра алмай, гол жібердік. Ал пенальти сериясы — лотерея, бұл жолы жолымыз болмады. Бұл футбол, мұндай жағдайлар болып тұрады." — деп түйіндеді ол.

Александр Мрынский маңызды трофейді жеңіп ала алмағандары үшін жақтастарынан кешірім сұрады. Ол команданың барын салғанымен, нәтиженің көңіл көншітпегенін жеткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров