Жарнама
Жарнама

Александр Петраков: «Валиуллин оң қапталдағы қорғаушымыз Александр Караваевтан матч бойы басым болды»

02.09.2021, 15:20
Бас бапкер барлық ойыншылар айтқан ақылымды тыңдамады деп налып отыр.
Жарнама
Жарнама

Украина ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Петраков 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы (2:2) өткен матч туралы пікір білдірді.

- Жылдам гол сенімділік қана емес, сонымен қатар сіздің командаға шамадан тыс еркіндік сыйлады, бұл ойын соңында қиындық тудырды.

- Иә дұрыс айтасыз. Мен бұл туралы матч кезінде де, үзіліс кезінде де айттым, бірақ барлық ойыншылар тыңдамады. Көрермендер жиналды, есеп 2 2 болды - футбол осымен қызық. Егер ешкім қателеспесе, есеп әрқашан 0:0 болатын еді. Сонымен қатар біз бірнеше рет қақпашымен бірге-бір шығып, гол соға алмадық. Жоғары деңгейдегі кәсіби футболшылар қарапайым гол соға алмайды. Мен мұның немен байланысты екенін білмеймін.

- Ойыншылардың сіздің тыңдауы қаншалықты маңызды?

- Өте маңызды. Бұл футболдағы ең маңызды нәрсе. Мен олармен үш күн жұмыс істедім, біраз ойыншыларды білемін. Біз жшмясты жалғастырамыз.

- Дубль жасаған Валиуллиннің ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Не айтамын, ол жігіт жарады. Оң қапталдағы қорғаушымыз Александр Караваевтан матч бойы басым болды. Бір адамды кінәлауға болмайды, себебі футбол - командалық ойын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров