Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Біз әлдеқайда мықтырақ ойнай алатын едік»

19.07.2021, 17:51
Кешегі ойында шымкенттік клуб сапында бір ғана шетелдік ойыншы өнер көрсетті.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері БЖМОРСМ 8 комардасына қарсы өткен ойын жайлы пікірін айтты:

- Мен баршаңызды жеңіспен құттықтағым келеді! Біз жақсы ойнай алатын командамен ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Біз бүгін әлдеқайда мықтырақ ойнай алатын едік, бізде бүгін көптеген ойыншы дебют жасады, мен оларға үлкен футболда тек ақ жол тілеймін. Барлығы өздерінің қолдарында, қазір оларда өздерін көрсету үшін таптырмас мүмкіндік бар. Олар мұны түсініп, мүмкіндікті пайдалану үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасайды деп үміттенемін.

Біз бүгін жеткілікті түрде әмбебап ойын өткіздік, шабуыл жасай отырып, қарсыласты өз қақпасынан күтіп алдық. Бұл өте қиын, кубоктік ойында жүйке жұқарғаны анық және менің байқауымша матч алаңда жүрген ойыншылардың мүмкіндіктеріне қарағанда өте қызық болған секілді. Енді бізді сырт алаңдағы ойын күтуде, ол өте қиын болмақ, әлбетте біздің командада ауысымдар орын алады. Біз тек оң нәтижеге жетуге тырысамыз, ал оның орын алуын немесе алмауын тек уақыт көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров