Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Біз дұрыс бағытта жылжып келе жатырмыз»

11.02.2021, 22:25
Паулоның мықты шабуылшы екеніне Седневтің те көзі жетті.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» клубының бас бапкері Алесандр Седнев «Аланиямен» болған ойынға қатысты пікір білдірді:

- Біз қорытынды есепке және жеңіске жеткенімізге ризамыз. Біз дұрыс бағытта жылжып келе жатқанымызға және эйфорияға берілмейтіндігімізге де қуаныштымыз. Біз тек жолдың басындамыз, ойыншыларымыз жаттығуларда ғана емес, матчтарда да өз жұмыстарына адал түрде қарайды. Біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып, ойыншыларға өз қалыптарына келулеріне мүмкіндік беріп, ойынымызды түзей алдық.

Ойыншылардың бапкерлік штаб берген барлық нұсқауларын қуана қабылдайтынына біз дән ризамыз. Қайталап айтамын, біз ойыншыларды алдағы ойындарға дайындамаймыз, себебі футболшыларымыз онсыз да көп жаттығады. Бізге бүгін өткен қарсыласқа қарағанда ойын мәнері басқаша команда қарсы тұрды. Ойыншылар бұған өте салмақты түрде қарады және біз қарсыластың қателіктерін пайдалана алдық.

Біз шабуылда өзімізді еркін сезініп, теке-тірес ойында да жақсы өнер көрсете алдық. Бірақ бұның тек жаттығу ойыны екенін ескеруіміз қажет, біз жаттығуды ары қарай жалғастырып, тиімді нұсқаларды қарастырамыз. Ойыншыларымызды физикалық тұрғыдан ретке келтіріп, әр ойын сайын барлығымыз тек жақсы жаққа қарай жылжитынымызға сенеміз.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров