Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Біз еурокубоктерде ойнауға әлі лайықты болмаған шығармыз»

01.11.2021, 01:44
Седнев мырза төрешілерге әділ жұмысы үшін алғыс айтты.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Қызыл-Жармен» болған чемпионаттың ақтық ойыны жайлы пікірін айтты:

- Тартысқа толы ойын болды, өкінішке орай біз жеңілдік. 0:2 есебімен жеңіліп жатқан кезімізде екі бірдей гол соға алдық, алайда бұл - тағдыр. Бәлкім, біз еурокубоктерде ойнауға әлі лайықты болмаған шығармыз. Сонымен қатар мен төрешінің жақсы әрі сапалы жұмысын атап өткім келеді. Оларға ерекше құрмет! Қарсылас команданы жеңіспен және чемпионаттағы лайықты орындарымен құттықтағым келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров