Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Қайсарға» қарсы өткен матч (4:2) жайлы өз ойымен бөлісті:
- Біз үшін өте көп күш жұмсалған ауыр ойын болды, біз осындай ойынның болатынын біліп жаттыққан болатынбыз. Қарсылас өте жақсы, комбинациялық футболды жақсы ойнай біледі. Өкінішке орай, бізде ойыншылардың жарақаттарына байланысты мәселелер бар, кейбір позицияларға ойыншылар жетіспейді, бірақ менің футболшыларым кезекті мәрте мақтау сөздерге лайық.
Біз үзілістен кейін жеңіліп жатсақ та еш уайымға салынбадық, өзіміздің не істеу керек екенімізді, нені өзгерту қажет екенін анық түсіндік. Бұл сөзіме біз соққан барлық голдар дәлел болып табылады және мен оларды эстетикалық голдардың санатына жатқызар едім.
Бізге өте қиын болды және қазір тағы да көптеген жарақаттар бар, алайда бұл біздің мәселеміз, мен біздің оны лайықты түрде шешетінімізге сенемін. Бізді Алматыда ауыр ойын күтіп тұр, қазір бізге эмоцияны және командалық пазлды қайта құрау қажет. Біз Алматыға жақсы кездесу өткізу үшін толық қаруланған түрде барамыз.
Біздің серіктес: FONBET