Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Бізде турнир кестесінде жоғарғы орынға көтерілуге мүмкіндік бар, біз оны қолдану үшін барлығын жасаймыз»

17.10.2021, 16:13
Шымкенттік клуб 35 ұпаймен төртінші орында тұрған «Қызыл-Жармен» теңесті.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері «Атырауға» қарсы жеңісті ойын (2:1) жайлы пікірін айтты

- Тура мағынада да, ауыспалы мағынада да бұл ауыр жеңіс. Мен футболшыларға алғыс айтамын, олар гол өткізіп алса да алға қарай ұмтылуды жалғастыра берді. Көптеген позициялық шабуылдарды да жасай алдық. Ойыншыларға және жанкүйерлерге ерекше рахмет айтамын, біз қос бірдей күштің арқасында жеңіске жеттік. Алда екі тур қалды, бізде турнир кестесінде жоғарғы орынға көтерілуге мүмкіндік бар, біз оны қолдану үшін барлығын жасаймыз. Алға жылжып, келесі ойынға дайындалатын боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров