"Ордабасы" командасының бас бапкері Александр Седнев "Жетісумен" болған кездесу жайлы пікір білдірді:
- Ірі есепке қарамастан, бұл жеңіс бізге оңайға түспеді. Алғашқы кезекте, бізге психологиялық тұрғыдан қиын болды және бұл кездесуге дейінгі дайындық кезеңінде өте қатты сезілді. Жігіттер соңғы нәтижелерге алаңдаулы болғандай көрінді. Бақытымызға орай, бүгінгі ойын көрсеткендей, біз бұл күйден шыға алдық.
Субъективті көзқарас тұрғысынан қарағанда, біз лайықты түрде жеңіске жеттік. Қарсыласқа да мақтау сөздер айтқанды жөн көремін. Қалай дегенмен, олар өте жылдам әрі жақсы футбол ойнай алатын жас команда. Бізге оларды ұту шынымен де оңай болмады. Бірақ бәрібір де, менің футболшыларым жарады.
Біздің төрт голымыз төрт түрлі болды, бұрыштамадан кейін, қарсы шабуылдан және ойыншылардың жеке шеберліктерінің арқасында допты қақпаға дәл кіргізе алдық. Бұл матч команданың қайта қалыпқа келу кезеңі атанады деп сенемін. Біз жауапты және жинақы түрде ойнаймыз деп үміттенемін және нәтиже соған дәлел болады деген ойдамын.
Біздің серіктес: FONBET