Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Бұл жастар үшін өздерін көрсетуге таптырмас мүмкіндік»

12.07.2021, 20:55
«Ордабасы» клубынан ресми түрде 8 ойыншы кетті. Ал шымкенттік клуб олардың орнына жалда жүрген жас ойыншыларды қосуда.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері «Шахтерға» қарсы жеңісті ойын (1:0) жайлы пікірін айтты:

- Біз бүгінгі жеңіске қуаныштымыз. Матч чемпионатта ойнаған сценарийдегідей өрбіді. Бір ғана артықшылығы, біздің бүгін пенальтиден гол салғанымызда, ал алдыңғы ойында бұлай болмаған еді. Кездесу соңында, ойын ашыла бастағанда, біз қарсы шабуылдармен ойнадық және қарсылас бізді осы үшін бірнеше мәрте жазалайтын да еді. Алайда біз гол соғуға жақын болдық, мүмкін бүгін бізге сәттілік жолдас болған шығар, бірақ меніңше, біз жеңіске лайықтымыз.

Футболшыларыма барын салғандары үшін алғыс айтамын, біздің құрам айтарлықтай өзгерді, мен оның ертең де қаншалықты өзгеретінін білмеймін, бірақ бұл жастар үшін өздерін көрсетуге таптырмас мүмкіндік. Бүгін оларға сәл құмарлық жетіспеді, мен ойынға қатысты қателіктерге көз жұма қараймын, алайда мұнда футболды сыртынан қарап тұру қажет емес, ойнауға деген үлкен ынта, құлшыныс керек. Мен қазіргі жағдай жас ойыншылардың аяққа тұрып, негізгі құрамдағы орынға таласуға көмектеседі деп үміттенемін. Барша жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін рахмет айтамын!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров