Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Бұл жеңіс біздің әлеуетіміз бар екендігін көрсетеді»

10.04.2022, 15:17
Шымкенттік клуб кеше сенсация жасап, ел чемпиондарын тізе бүктірді.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Премьер-лиганың бесінші турында «Тобылмен» болған ойын (3:1) жайлы пікір білдірді:

– Әлбетте, біз жеңіске дән ризамыз. Өте мықты команданы жеңдік, кездесудің көп бөлігінде ойыншыларымыз қарсыласқа қарағанда толық болды. Өкінішке орай, біз голдарымызды ертерек соғып, матчты қалыпты темппен ойнар едік. Алайда, тағы бір рет қайталап айтамын, бұл жеңіс біздің күшті екенімізді білдірмейді, тек әлеуетіміз бар екендігін көрсетеді. «Тобыл» өте күшті әрі сыйластыққа лайық команда. Ел чемпиондарына алдағы уақытта және еурокубокте сәттілік тілеймін. Өз ойыншыларыма ойын үшін, ал адал жанкүйерлерімізге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар футболшыларыма жеңістер, көрегендік және өз күштеріне сенулерін тілеймін.

Ал «Тобылдың» бас бапкері командасын алаңнан көре алмағанын мәлімдеді:

– Қандай пікір айтуға болады? Біз тіпті өз ойынымыздың 5-10 пайызын да көрсете алмадық. Барлық жоспарымызды Марочкиннің алаңнан қуылуы құрдымға кетірді. Бүгін алаңда біздің команда мүлдем көрінбеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров