Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Бұл жеңіс ойыншыларымызға сенімділік береді деп үміттенемін»

13.06.2021, 16:18
Жоао жеті матчқа созылған жеңіссіз серияға нүкте қойды.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Ақжайыққа» қарсы жеңісті ойын (0:1) жайлы пікірін айтты:

- Барлығын көптен күткен жеңіспен құттықтаймын, бұл жеңіс толықтай футболшылардың арқасы. Олар жеңу үшін бәрін жасады. Біз әдемі гол салдық, бірақ мұны сәл оңайырақ жасауымызға болар еді, алайда өкінішке орай жақсы сәттерде қиыс теуіп жаттық. Барша сәттерді санай отырып, біз бұл жеңіске лайық болдық деп ойлаймын. Қарсылас та осал команда емес, олар соңына дейін күресіп, бізге көптеген қиындықтар тудырды. Бұл жеңіс ойыншыларымызға сенімділік береді деп үміттенемін. Енді біз келесі матчқа дайындалатын боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров