Жарнама
Жарнама

Александр Седнев “Ертіс” клубын жаттықтыруы мүмкін

52 жастағы беларус маманы маусым соңында “Динамо” Брест сапынан кетеді деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама

Беларустың спорттық БАҚ өкілдері Александр алдағы уақытта ел құрамасына бапкер болып тағайындалады деген ақпараттар таратқан болатын. Алайда айына 15 мың еуро жалақы алатын Карлос Алос Ферердің орнына бульбаштардың рекордсмені саналатын Александр Кульчий қызметке келмек. Бұл дегеніміз Александр Седневтің Қазақстанға қайтып оралу мүмкіндігі бар екенін меңзеп отыр.

Премьер-лигаға жолдама алған команда “Ордабасыны” чемпион қылған маманның көмегіне иек артпақшы. 

Айта кетейік, Александр өзінің бапкерлік мансабында “Савит”, “Белшина”, “Динамо” Минск, “Днепр” Могилев, “Ақтөбе”, “Рух”, “Ордабасы” және “Динамо” Брест клубтарында бапкер болып қызмет атқарды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: