Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Футболшылар алаңда көп күш жұмсады»

28.06.2021, 20:44
Шымкенттік клуб соңғы екі матчта алты ұпай жинады.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік "Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев "Жетісумен" болған ойын (3:0) жайлы пікірін айтты:

- Есепке қарамастан ауыр жеңіске қол жеткіздік, футболшылар алаңда көп күш жұмсады. Бүгін бізге қауқарлы қарсылас қарсы тұрды, оларды турнир кестесіндегі жағдайына қарамастан, мықты команда деп айта аламын. Жеңіске жету оңайға соқпады, сол себепті барлығыңызды жеңіспен құттықтаймын, біз алға қарай жылжимыз.

- Неліктен бүгінгі ойынға Жоао Пауло мен Еркебұлан Тұңғышбаев қатыспады?

- Себебі тек біреу, ол - жарақат. Мен Жоаоның келесі ойында бой көрсететініне сенемін. Еркебұланға келсек, біздің медициналық штаб қосымша тексерістер өткізуде, содан соң нақты шешім шығатын болады. Қайта қалыпқа келу мерзімін айта алмаймын, себебі әзірге нақты қорытынды пікір жоқ. Бұл мерзімдер минималды болады деп үміттенемін. Біз ойыншыларымыздың жарақаттарына қапалымыз және олардың тезірек оралуларын күтеміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров