Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Қарсылас екі соққымен-ақ матч тағдырын шешіп кетті»

30.07.2022, 17:52
«Ордабасы» мен «Атыраудың» ұпайы теңесті.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Атыраумен» бооған ойынды (1:2) қорытындылады:

- Өкінішті жеңіліс, бірақ бұған лайық болған шығармыз. Осындай қорғаныстағы қателіктермен оң нәтижеге жету өте қиын. Бәлкім шабуыл шебіне бес голдан соғатын ойыншы қажет шығар. Қарсыласымыз қателеспесем екі допты қақпаға тура тепті және екеуін де голға айналдырды. Ойында үзілістер көп болды, бұлай ойнау қиын. Біздің жігіттер есепті теңестіруге тырысты, стандартты жағдайлар көп болды, алайда олардан түк шығара алмадық. Бұл біз үшін кезекті сынақ. Уақыттың тапшы болуына байланысты бізге алаңға басқа ойыншыларды шығарудан басқа амал жоқ. Өкінішке орай, бізде мәселелер мен жарақат алған ойыншылар жетерлік, бірақ мен бұл жеңіліс бізге пайдалы болып, қиын жағдайдан шығамыз деген үміттемін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров