Жарнама
Жарнама

Александр Седнев: «Жан-тәнімізбен беріліп, жеңіс жолында аянбауымыз қажет болатын ойындар бар»

24.04.2022, 16:54
Бапкер төрешілердің жұмысына дән-риза болды.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Қызыл-Жарға» қарсы жеңісті ойын (3:1) жайлы пікір білдірді:

– Екі бірдей тең дәрежелі команданың қатысуымен өткен ауыр матчқа куә болдық, біз жан-тәнімізбен беріліп, жеңіс жолында аянбауымыз қажет болатын ойындар бар. Бүгін біз ойынның соңғы минуттарында жеңісті жұлып алдық. Біздің қатысуымызбен өткен соңғы кездесулерде және бүгінгі матчта төрешілердің жоғары деңгейде жұмыс істегенін атап өткім келеді. Сонымен қатар мен жанкүйерлеріміздің де қолдауын назардан тыс қалдырмаймын, олар бізге әрдайым қиын сәтте көмектеседі. Біз үшін әрбір ойын толық чемпионат секілді ауыр өтеді, сол себепті оларға бізді түсініп, теңдессіз қолдау көрсететіндері үшін алғысымды білдіремін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров