Жарнама
Жарнама

Александр Седнёв: «Жастар қателесер, бірақ олар алдағы маусымда Премьер-лига деңгейіне бейімделеді»

07.02.2021, 17:44
Шымкенттік клуб кеше «Навбахор» клубын 2:1 есебімен жеңген болатын. «Ордабасы» сапынан Мирзад Механович пен Сергей Хижниченко көзге түсті.
Жарнама
Жарнама

"Ордабасы клубының бас бапкері "Навбахормен" болған ойынға қатысты өз пікірін білдірді:

- Ең жақсы нәрсе, ол әрине есеп. Біз жеңгенімізге өте қуаныштымыз және алда болатын ойындар мен қатысатын жарыстарымыздың барлығында да жеңіске жеткіміз келеді. Мен бұл ойын философиясының біз үшін ең басты нәрсе болуын қалаймын. Әрине, біз енді ғана жаттығуларға көштік және әзірге ойыншыларымыздың жағдайы толыққанды жақсы емес екені түсінікті. Бұл ойын бізге функционалды мінез көрсетуге мүмкіндік берді.

Біз алғаш рет ойын ырғағын сезіндік, мен қарсыластарымыздың физикалық тұрғыдан бізге қарағанда мықтырақ болғанына қуаныштымын. Бізге бұл қақтығысқа қарсы қалай төтеп бере алатынымызды көру керек болды. Мен футболшыларымыздың тек бүгінгі ойындағы ғана емес, жаттығу жұмыстарындағы қарым-қатынастарына да қанағаттанамын.

Біз оңтайлы ойын мәнерін іздестіру үстіндеміз және ойыншыларымыздың қабілеттері мен мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Біз әлі толық құрамда жиналмадық, бізде қазір ротация жүруде және біз жас ойыншыларымызды бейімдеуге бар күшімізді салатын боламыз. Бәлкім олар қателіктер жіберер, бірақ қандай жағдай болмасын, мен осы жылы жас ойыншыларымыздың ішкі біріншіліктің деңгейіне сай бейімделетініне сенемін. Бүгінгі таңда олар өте үлкен оптимизммен дайындалуда.

Маған команданың қарсыласқа деген реакциясы ұнады, біз доп қарсыластың иелігінде көп болса да үрейлене қоймадық, бірақ менің көзқарасым бойынша, біз өткір шабуылдарда жақсы жұмыс жасадық. Екі бірдей гол салғанымызға қарамастан, бізде есепті еселеуге мүмкіндіктер жеткілікті болды және біз қарсыласымызға қақпамыздың алдында қауіпті сәттерді пайдалануына жол бермедік.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров