Жарнама
Жарнама

Александр Шволов мансабын Шотландияда жалғастыратын болады

Қақпашы кеше ғана “Хартс” ұжымымен келісімге келді.

Жарнама
Жарнама

Кәсіби мансабында тек неміс ұжымдарында өнер көрсеткен Александр Шволов “Унион” сапындағы келісім шарты аяқталысымен, Эдинбург командасына келіп қосылды. 

Қазірде “Хартс” командасында қақпашылар бойынша үлкен мәселе бар. Клубта 1 нөмірлі Крейг Гордон мен Райан Фултон жарақаттарына байланысты қатардан бірнеше айларға шығып қалған. Сол себептен Мидлотиан командасы бірінше кезекте трансфер барысында жаңа қақпашыны қатарға қосты.

Бірінші рет өз отанынан тысқары аймақтың ұжымына қосылған Шволов Германияның Бундеслигасында барлығы 206 матч өткізіп, 371 гол жіберді.

Айта кетейік, “Хартс” командасы осы қысқы трансферлік ауысымда ел құрамасы мен “Тобыл” футболшысы Ислам Чесноковпен келісімге келеді. Оған дейін шотландиялық клубтың ресми өкілдері 25 жастағы вингердің Уэльс пен Бельгияға қарсы өтетін ойындарын тамашлап қайтпақшы. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров