Жарнама
Жарнама

Алексей Бага «Ақтөбені» баптайды

30.12.2020, 21:02
Бага «Жальгирис» клубымен келісімшартты бұзды.
Жарнама
Жарнама

Беларуссиялық маман Алексей Бага «Ақтөбенің» бас бапкері болады, деп хабарлайды KazFootball.kz. Бұл туралы беларусь журналисті Николай Ходасевич өзінің Telegram арнасында айтты

«Белоруссиялық бапкер керекті құрамды жинап, тактикасын қойып, турнирлік кестеде жоғары орынды ойып тұрып алуға мүмкіндігі бар. «Ақтөбеге» керегі де сол. «Қайрат» пен «Астана» өз орындарын бермейтіні түсінікті, «Тобыл» мен «Ордабасы» да осал командалар емес, «Шахтері» тағы бар. Сол үшін де бесінші орын жақсы нәтиже деп ойлаймын. Ал енді Алексей өзімен кімді көмекшісі ретінде ала кетер екен? Менің нұсқам бойынша ол – Скавыш» - деп жазды тілші.

Маман Ақтөбе облысының әкімімен кездесуден кейін түбегейлі шешім қабылдаған. Бага Ақтөбеге 7 қаңтарда келеді.

Бага қазақстандық командада жұмыс істеу үшін Литваның «Жальгирисімен» келісімшартты бұзды. Сонымен қатар, Алексей Анатольевич Беларусь футболының үздік командасы БАТЭ-ны біраз жыл баптады.

Нұрасыл Мұратбек

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров