"Ақтөбенің" бас бапкері Алексей Бага "Тобылмен" өткен ойын (1:1) туралы пікір білдірді:
- Кешегі ойын дерби деген атқа сай болды. Жалпы, ойынның қарқындылығы мен эмоциялар мұны растады. Ақтөбе мен Қостанай, біз білетіндей, мәңгілік қарсыластар, екі команданың арасындағы матч әрқашан ерекше сипатқа ие болады.
Біздің жастардың осындай кездесулерде ойнағанына және өздерін жақсы жағынан көрсететініне өте қуаныштымын. Мысал ретінде Әжімовтың голдық пасын атап өтуге болады. Мұндай ойындарда жастардың өсіп, күшейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Әрине, есепте алға шыққанда, кішігірім кемшіліктердің болатыны рас.
Біз керемет гол соқтық және соңында жеңісті жұлып кетуіміз мүмкін еді. Осыған қарамастан, команда дәл осындай ойындарда шыңдалатынын айта кеткен жөн. Мен дұрыс жолда екенімізге және алдағы уақытта жеңіске жететінімізге сенімдімін. Енді біз ұлттық құрамаға кеткен ойыншыларды күтеміз. Біз дайындықты жалғастырамыз. Бәрі алда!
Біздің серіктес: FONBET