Жарнама
Жарнама

Алексей Бага: «Бүгінгі ойында Премьер-лига кешіре бермейтін бірқатар қателіктер орын алды»

29.04.2021, 04:25
Бага негізгі құрамды дұрыс таңдамағанын мойындады.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" командасының бас бапкері Алексей Бага Премьер-Лиганың сегізінші турында "Таразға" қарсы өткен ойын (1:3) туралы пікір білдірді:

- Бүгінгі ойында Премьер-лига кешіре бермейтін бірқатар қателіктер орын алды. Одан бөлек, ойыншылар қарсыласқа өткір пастар жасауға және біздің қорғанысымызды ашуға мүмкіндік беріп, позицияларын жаба алмады. Тағы бір мәселе: негізгі құрамның кейбір позицияларында дұрыс таңдау жасамадық. Бұл менің құқығым еді және менің қателігім. Матч кезінде әдеттегідей мүмкіндіктерді жүзеге асыру мүмкін болмады. Сондықтан тағы да жеңіліске ұшырадық. Мүмкін эмоциялар мен басқа сәттерді алып тастасақ, бүгінгі ойынның қысқаша мазмұны осы шығар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров