Жарнама
Жарнама

Алексей Бага: «Жігіттер үш ұпай алу үшін барын салды»

15.03.2021, 03:24
«Ақтөбе» сапында Максим Федин пенальтиден гол соқты
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Алексей Бага Премьер-лиганың бірінші турындағы «Каспийге» қарсы матч (1:1) туралы пікір білдірді:

- Бүгінгі ойынға пікір білдірер алдында жанкүйерлер туралы айтқым келеді. Осындай жағдайда біздің жанкүйерлердің осы жерге келуінің өзі... Олар бізді 90 минут бойы қолдады. Әрине, бірінші кезекте оларға рахмет. Ойын туралы айтар болсақ, қарсыласымыз бізді мүлдем таң қалдырмады. Біз олардың допты жақсы бақылайтынын, орталық қорғаушылардың шабуылды жақсы бастайтынын білдік және олардан дәл осы ойынды күттік. «Каспий» әдеттегі ойын өрнегі бойынша өнер көрсетті. Олар өткен маусымда да осылай ойнады. Біздің командаға келетін болсақ, үзіліс кезінде ойынға түзетулер енгізу керек болды. Жігіттерге қарсыластың қорғаушыларына көбірек қысым жасау керектігін айттым. Сергеевке, Жалмұқанға және басқа шабуылдаушы ойыншыларға көбірек пас беру керек екенін де тілге тиек еттім, өйткені бірінші таймда бұл жеткіліксіз болды. Біз екінші таймды жақсы өткіздік: мүмкіндіктер көбейді - гол соғылды және қарсылас қақпасының маңында қауіпті сәттер туындаттық

- Сіз Нұрмұғамет, Чернышов және Мукамды алаңға кеш шығардым деп өкінесіз бе? Олардың алаңға шығуымен ойын қайта жанданды емес пе?

- Тең ойын және ұпай жоғалту туралы пікір білдіргенде, бұл мәселе әрқашан талқыланады. Егер оларды ертерек шығарсақ, басқаша болар ма еді деген ойлардың болатыны заңды нәрсе. Болары болды, бояуы сіңді. Бұл жігіттердің шығуымен ойынның күшейгеніне өте қуаныштымын. Сонымен қатар бүгін ойынға қатыспаған жігіттер де команда үшін алаңдады. Бүгін біз командалық ойын көрсеттік. Бұл маңызды нәтижелердің бірі, бірақ барлығы үш ұпай үшін барын салды. Қазіргі басты міндет - қайта қалыпқа келу.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров