Былтыр «Спартактың» тізгінін ұстаған тәжірибелі ресейлік маман Алексей Петрушин «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбтында, жаңа шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубының құрылуы жайлы айтып берді.
- Бұл дұрыс емес шешім. Қазақстанда «Спартак» сияқты дәстүрі мен тарихы бар командалар аз. «Алтай» футбол клубының құрылуы - Семей футболының жойылуы. Семей футболға, Өскемен хоккейге арналған қалалар деп ойлаймын. Сондай-ақ, «Алтай» клубының атауы да маған түсініксіз.
- Семей басшылығымен бұл туралы сөйлесіп көрдіңіз бе?
- Былтыр қала әкімі ауысқан болатын. Бұрынғы әкім Айбек Кәрімов футболды жақсы көретін, үнемі стадионға келетін. Ал қазіргі әкім Ермак Салимовпен бірде-бір рет кездескен жоқпын. Бұған қоса «Спартакта» қаржылық қиыншылық басталды. Соңғы үш айдың жалақысын әлі алмадық.
- Жұмысыңызды Қазақстанда ма, әлде Ресейде жалғастырасыз ба?
- Қазақстанда қызмет етуге ниеттімін. Әзірге жұмыссыз қалдым, нақты ешқандай ұсыныс түскен жоқ.
Түпнұсқасы: prosportkz.kz