Жарнама
Жарнама

Алексей Петрушин қызметінен кетті

04.10.2020, 02:35
Петрушин «Қыранмен» болған ойыннан кейін кетіп қалған екен.
Жарнама
Жарнама

Алексей Петрушин «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті.

26 қыркүйекте 0:0 есебімен аяқталған «Кыран» ФК-ға қарсы матчтан кейін Петрушин команда орналасқан жерден кетіп қалды. Клуб басшылығы маманмен еңбек шартын бұзу туралы бірден қызметкерлерге мәлімдеді. Сонымен бірге оның көмекшісі Михаил Соловьев қызметінен кетті.

Тараптар келісімшартты өзара келісім бойынша бұзды және бүгінгі күнге дейін осы процестің барлық заңды мәселелері шешілді. «Ақтөбе» футбол клубы мамандарға жұмыстары үшін алғыс айтады және болашақ мансабында сәттілік тілейді. Осы уақытта клуб басшылығы жаңа бапкер іздейді және жақын арада бұл қызметке лайықты адамды анықтайтын болады.

Бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы - Владимир Зеленовский, ол соңғы маусымаралық оқу-жаттығу жиынынан бастап команданың жаттықтырушылар штабында жұмыс істейді. Владимир Викторович Мәскеулік «Локомотив» пен «Спартактың» құрылымында жұмыс істеген. «Ақтөбенің» тәлімгері ретінде Зеленовский чемпионаттың соңғы үш ойынын өткізді. Барлық кездесулер жеңіспен аяқталды және бірінші турдың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» Бірінші конференцияда көш бастап тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров