Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі құраманың сәтсіз ойындары мен "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы туралы өз ойын білдірді.
Поповтың айтуынша, Қазақстан құрамасының кезекті сәтсіздігі ойыншылардың ғана емес, бапкерлердің де деңгейімен байланысты.
"Қазақстанға Еуропалық деңгейге көтеретін мамандар қажет. Бұл мәселе жүйелі түрде қолға алынбайынша, нәтиже болмайды. Мен құрамада жүрген кезде жақсы деңгейдегі футболшылар болды. Германия немесе Бельгияға ірі есеппен ұтылмайтынбыз. Бапкерлер керек, бірақ оларды қайдан табамыз бұл үлкен сұрақ. Әуелі жақсы ұстаздардан бастап, жас бапкерлерді тәрбиелеу қажет. Басты проблема балалар футболы мен бапкерлік деңгейде жатыр.” – деді Попов.
Комментатор "Қайраттың” Еуропадағы табысы мен ұлттық құраманың сәтсіздігін салыстыра отырып, бұл жерде легионерлердің рөлін ерекше атап өтті.
"Еурокубокта "Қайрат" тек Қазақстандық ойыншыларға сүйенбейді. Легионерлердің үлесі зор. Әрине, топтық кезеңге шығу үлкен жетістік, бірақ ендігі маңыздысы сол Чемпиондар лигасында қалай ойнайтыны. Бір бәліш жеген соң, енді торт алғың келеді ғой. Қазақстан қуанып жатыр, бірақ "Қайрат” әрі қарай да ірі клубтарға қарсы ойнай алса, міне, сол деңгей." – деді ол.
Попов сондай-ақ Алматылық клубтың Шотландиялық "Селтикке” қарсы ойынына тоқталды:
"Матчтарды көрген жоқпын, бірақ "Селтиктің” құны әлдеқайда жоғары команда. Дегенмен, мұның бәрі жай ғана жол болу емес. "Қайраттың” ойыны дұрыс қойылған. Командада Ресейде қажет болмаған футболшылар ойнап жүр. Бұл бапкердің еңбегі. Уразбахтин жақын арада Қазақстандағы үздік жаттықтырушылардың бірі болып шығуы әбден мүмкін.” – деп пікір білдірді.
Поповтың ойынша, Қазақстанда Мбаппе деңгейіндегі жұлдыздар жоқ, бірақ заманауи, жылдам футбол ойнай білсе, үлкен жетістіктерге жету мүмкін.
"Иә, бізде Мбаппе жоқ, бірақ егер команда дұрыс жүйемен, жылдам стильде ойнаса, бәріне қол жеткізуге болады.” – деді бұрынғы қорғаушы.
Біздің серіктес: FONBET