Жарнама
Жарнама

Алексей Щеткин: «АПОЭЛ-мен барынша сақ ойнап, гол соғуға тырысу қажет»

30.08.2018, 15:39
Жарнама
Жарнама
«Астана» - «Қызыл-Жар СҚ» (3:0) арасындағы кездесуде хет-трик авторы атанған елорда командасының шабуылшысы Алексей Щеткин республикалық Sports.kz интернет-порталының тілшісіне матч туралы пікірімен қоса, еурокубоктік кездесу жайында да айтқан болатын.

—  Жауапты ойын алдында психологиялық тұрғыда биікте болу үшін, жеңіске жету өте мыңызды болды.

— АПОЭЛге қарсы ойынға дайындықтарыңыз қалай?

— Дайындалып жатырмыз. Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.

— Бүгінгі хет-трикті кімге арнайсыз?

— Өз отбасыма, балаларыма, ата-анама арнаймын.

— Ойында дәл осындай сілкініс жасауыңызға не түрткі болды?

— Білмеймін. Алаңдағы жағдай осылай болды.  

— Команда Роман Григорчуктың уақытша кетуі туралы не айтып жатыр?

— Бұл ішкі жағдай. Сондықтан, пікір білдіргім келмейді.

— Бұл жағдай АПОЭЛге қарсы жауапты матч алдында кері әсерін береді деп ойламайысыз ба?

— Жоқ, әрине. Барлығы кәсіби футболшылар. Сондықтан, жеңіске жету қажет екендігін жақсы түсінеді.

— Кипрдегі ойын тең дәрежеде өрбіді десек болады. Лайықты нәтижеге қол жеткізу үшін не жетіспеді деп ойлайсыз?

— Менің ойымша, бірінші кезекте шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық. Гол соғатын мүмкіндіктерді, лайықты пайдалану керек еді. Қарымта ойында одан да жақсы ойнай алатындығымызға сенімдімін.

— АПОЭЛге қарсы Астанада қалай ойнау қажет. Екінші нөмірмен ойнауларыңыз мүмкін бе?

— Барынша сақ ойнап, қақпамызға гол жібермей, керісінше қарсылас қақапасын дәл көздеуге тырысуымыз қажет.

— АПОЭЛге қарсы нақты қандай футбол ойнау жоспарларыңызда бар?

— Бірінші ойындағыдай, қорғаныстан – қарымта шабуылға.

— «Астана» маусымға дайындықты ерте бастауына байланысты, қазіргі уақытта функционалдық дайындық тұрғысында қиындық көріп жатыр деген пікір бар.

— Дәл қазір барлығы жақсы. Бірінші ойында, функционалдық тұрғыда қиындық болды дей алмаймын. Ол кездесуде алғаш болып есеп ашқанда, барлығы басқаша болар еді.

fcastana.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров