Жарнама
Жарнама

Алексей Щеткин хет-трик жасап, «Ротордың» жеңісіне үлес қосты

30.01.2022, 17:33
Шабуылшы ресейлік клубтан кетпейтінін мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

Волгоградтық «Ротор» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өткізген жолдастық кездесуде болгариялық «Хeбарды» 4:2 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасының 30 жастағы шабуылшысы Алексей Щеткин «Ротордың» негізгі құрамында шығып, 22 минут ішінде үш гол соқты.

«Ойын қиын болды. Жеңіске жеткеніміз жақсы болды, ең бастысы ойынымыздың белгілі бір мазмұны болды. Шабуылда жақсы ойнағанымызбен, қорғаныста бәрі дұрыс болмады. Сондықтан көп жұмыс істеу керек. Бапкер жаттығуда жасап жүрген комбинациялық футболды көрсетіңдер деді. Менің ойымша, бұл біздің қолымыздан келді. Командалық ойынның арқасында жеңіске жеттік. Комбинация жасап, мүмкіндерді жүзеге асырдық.

Әрине, жеңіс пен гол соғу маңызды. Бұл шабуылшыларға да, командаға да сенімділік береді. Үш емес, барынша көп гол соғамын деген үміттемін. Бұл үшін тынымсыз жұмыс істеймін.

Ал қауесеттерге келетін болсақ, олардың қайдан шыққанын білмеймін. Мен Ротордан әлі кетпедім және кетпеймін», - деді футболшы ойыннан кейінгі сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров